Республикалық маңызы бар бірнеше автожолды су басқан

1435
Adyrna.kz Telegram

Республикалық маңызы бар автожолдарды су шайып кеткен, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі baq.kz-ке сілтеп.

7 сәуірде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның 5 өңірінде халықаралық және республикалық маңызы бар 9 автожолда жалпы ұзындығы 2855 км. жол бөлігін су басу фактілері тіркелген.

Ақмола облысында 4 сәуірде «Макинск-Ақсу-Торғай» автожолын су шайып кетті.

Ал Атырау облысында «Доссор-Құлсары-Сайотес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» бағытын су басқан.

Қостанай облысында «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолдары (0-9 км, ені100 м, биіктігі40 см), «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 253-254 км, «Мамлютка-Қостанай» 294 км, «Қостанай-Жақсы» — «Қарабұтак-Қостанай» 4 км, Қостанай қаласының қасында жолда су тасқыны тіркелген.

Одан бөлек, Павлодар облысында «Атамекен-Ертіс-Русская поляна-РФ шекарасы» а/ж 226-227 км болса, Солтүстік Қазақстан облысында «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» 34 км су шайғаны анықталды.

Республикалық маңызы бар автожолдарда 297 бірлік техника және 385 адам жұмылдырылған.

Пікірлер