Үкімет басшысы Құлсарыға барып, жағдаймен танысты

1810
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР Үкіметі
Фото: ҚР Үкіметі

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Құлсарыға барды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Құлсарының жағдайымен танысты.

Премьер аумақты тікұшақпен аралап, өзен жағалауларын нығайту жұмыстарының барысын қарады.

"Олжас Бектенов Құлсары қаласының тұрғындарымен сөйлесіп, олардың қабылданып жатқан шараларды күшейту бойынша сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ Жайық және Жем өзендеріндегі жағдаймен танысты", - делінген хабарламада.

Жылыой және Қызылқоға аудандарында төтенше жағдай режимі сақталып отыр.

Қазір Қызылқоға ауданындағы Миялы, Аққора, Жангелдин, Жасқайрат және Көздіқара ауылдарында қауіп-қатер сейілген.  Алайда Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жағынан Жем өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданы Құлсары қаласын су басқан.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер