Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі, премьер министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты елдегі су тасқыны жағдайы және оны тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ұдайы хабардар етіп отыр, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы UKIMET Telegram арнасына сілтеме жасап.
5 сәуірде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарына
барды, сондай-ақ облыстық штаб басшыларының қатысуымен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – Республикалық штаб басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қостанай облысына жол тартты. Су тасқыны жағдайын тұрақтандыру бойынша жергілікті жұмыстарды үйлестіру міндеті тұр.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз