Ақтөбе облысында 10 жасар бала суға батып, мерт болды

2785
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында тағы бір бала топан суға батып кетті, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға Әйтеке би ауданы, Белқопа ауылында болды. Ауылдық округ әкімі Кеңшілік Байдрахмановтың айтуынша, 2 сәуір күні сабақтан кейін төрт бала көшеде ойнап жүрген. Осы кезде олардың бірі еріген суға түсіп, бала тұншығып, қайтыс болды. Көмекке ересектер келгенінде, бәрі кеш болған.

Бала 10 жаста болды, жергілікті мектеп мұғалімінің отбасындағы тұңғышы.

«Отағасы мектепте күзетші болып жұмыс істейді, жұбайы екеуі тағы екі қызды тәрбиелеп отыр. Ұжым отбасына көмек көрсетуде», - деп хабарлады ауыл әкімдігі.

Естеріңізге сала кетейік, 23 наурыз күні сағат 13:00 шамасында Ақтөбе облысының Ебейті ауылында 4 жасар бала еріген суға батып кеткен болатын.

Пікірлер