"Педофилия бойынша". Бұрынғы әскери қызметкерге қатысты тергеу жүріп жатыр

1552
Adyrna.kz Telegram
dzen.ru
dzen.ru

Шекара қызметінің бұрынғы әскери қызметкеріне қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Ішкі істер министрлігі әскери қызметкерге қатысты педофилия бойынша соталды тергеу жүріп жатқанын растады.

"2024 жылғы 29 наурызда әскери қызметшінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлігі "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бойынша квалификацияланды. 30 наурызда күдіктіге қатысты соттың санкциясы бойынша қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп хабарлады құзырлы орган.

ҰҚК әскери қызметкердің жұмыстан босатылғанын мәлім етті.

"Азамат К. жүргізілген қызметтік тексеру нәтижелері бойынша, жұмысқа келмеу дерегімен әскери қызметтен босатылды", - деп хабарлады ҰҚК.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 2 наурызында шекара бөлімінің подполковнигі Нұрқадам Керімқұловтың педофилияға қатысы бар деген күдікпен ұсталғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын.

Пікірлер