Тоқаев «Астана күнін» ашық деп жариялады

404
Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың туған күніне арналған салтанатты іс-шараларды ашып берді. Ертең, 6 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласы 21 жасқа толады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың туған күніне арналған салтанатты іс-шараларды ашып берді. Ертең, 6 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласы 21 жасқа толады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Мемлекеттік ту көтерудің салтанатты рәсімі дәстүр бойынша Елорда күніне арналған мерекелік іс-шараларды ашады.

Қазақстан туы жерден жоғары көтерілген кезде, біздің жүрегіміз ел үшін, біздің тәуелсіздіктің арқасында жеткен жетістіктеріміз үшін мақтаныш сезімімен толығады.

Өзінің қалыптасу кезеңінен бастап біздің елордамыз дамудың қазақстандық моделінің жетістігіне дәлелі- Елбасының Ұлт біріктіруі мен мемлекеттілігімізді құрудағы тарихи еңбегінің лайықты бағалауына айналды», - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы әскери институттар мен академиялардың үздік курсанттарына салтанаты түрде погон табыстады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер