Арыста тағы оқ-дәрі жарылды

2519
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/07/5d1f1f92c289d294131257.jpg
ҚР Қорғаныс министрлігі инженер-саперлар қойманың дәл алдындағы аумақты оқ-дәрі қалдықтарынан тазалап жүргенде бір оқ-дәрі жарылып, артынша өрт тұтанғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өртті әскери өрт сөндірушілер сөндірген. Құрбандар жоқ, ешкім зардап шекпеген. Жергілікті тұрғындарға төнген қауіп жоқ. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі инженер-сапер бөлімшелері өз жұмыстарын аяқтамайынша, жергілікті тұрғындардың арсенал аумағына жақындауына тыйым салынғанын ескертеді.  

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии