Жамбыл облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді

1920
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06

Жамбыл облысы Мерке ауылының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сүйенсек, сейсмикалық станциялар желісі сағат 11:14-те жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 308 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы

– 10.2. MPV, магнитудасы – 5.3. Эпицентрдің координаттары 42.77° С. Е. 73.18° Ш. Б. Тереңдігі – 25 км.

Жамбыл облысының Мерке кентінде 2 балл сезілген.

”Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Мониторинг жүргізіліп жатыр”, деп атап өтті ТЖМ.

Комментарии