Теміртауда төтенше жағдай жарияланды

1870
Adyrna.kz Telegram

Теміртауда су құбыры учаскесіндегі технологиялық бұзушылыққа байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы қала әкімі Ораз Таурбеков мәлімдеді.

Су құбырының оң жағалау тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін бөлігінде технологиялық бұзушылыққа байланысты бұл аумаққа ауыз су беру уақытша тоқтатылды.

«Құрметті теміртаулықтар, кеше оң жағалау тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбырының учаскесінде орын алған технологиялық бұзушылыққа байланысты осы аумаққа ауыз су беруді уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық. Қалыптасқан жағдайдың барлық салдарын ескере отырып және қолданыстағы заңнама нормаларын басшылыққа ала отырып, мен төтенше жағдай жарияладым. Соның аясында ауыз суды тез арада қалыпқа келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз», - деді әкім Instagram парақшасында.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер