"Тұрғындарды бопсалаған". Шымкентте полиция қызметкері ұсталды

2118
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/7fbdc810d7cd0bd3c46a3f61d576498475a3bf77-960x500.jpg?token=db95af414526e0ac6ab7f98b17c6c0df
Шымкентте полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Патрульдік полк қызметінің рота командирі Азамат Айымбетовке қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ол сот санкциясымен  қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шымкент соты Айымбетовті 21 наурызда ұстаған. Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейдің үстінен жергілікті тұрғындардан бопсалау туралы арыз түскен. Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі күдікті Азамат Айымбетовке қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалғанын хабарлады.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді", - делінген ведомство хабарламасында.
Комментарии