Елімізде зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

2736
Adyrna.kz Telegram
фото: Inbusiness.kz
фото: Inbusiness.kz

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Жыл басынан бері республика бюджетінен 616,3 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген.

"2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 354 мың адам. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 852 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 90 091 теңге, базалық зейнетақы – 42 761 теңге. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз", - деп хабарлады ведомстводан.

2023 жылы Қазақстанда мемлекеттік зейнетақының орташа мөлшері 120 838 теңгені құрады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер