15 жастағы Ислам Халилов Мәскеудегі теракт кезінде жүздеген адамды құтқарып қалған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сүйенсек, Исламның ұлты – қырғыз. Бірақ Ресейде дүниеге келген. Ал ата-анасы Қырғызстаннан келген. 15 жастағы оқушы "Крокус" концерттік залының киім ілетін жерінде жұмыс істеген. Ал теракт кезінде жүзден астам адамды қауіпсіз жерге алып шықты.
"Бірінші қабатта айқай-шу естілгенде қызметкерлер эскалатор сынып қалды деп ойлап қалды. Бірақ артынан адамдар жүгіріп
Новости по теме
Атыс басталғанда Ислам бірден жүздеген адамды далаға алып шыққан. Өйткені, ол концерттік ғимараттың барлық кіретін және шығатын есіктерін біледі.