Желіде Бишімбаевқа ұқсас адамның барменді балағаттаған видеосы тарады

7488
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/izobrazhenie_2024-01-17_083318072-960x500.png?token=e5916cade73ca60b5bed5c0d80b46ffa

Әлеуметтік желіде бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ту сыртынан түсірілген видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ту сыртынан түсірілген бейнежазбада Бишімбаевқа ұқсас адамның барменді балағаттап, қорқытып жатқанын көруге болады.

Қазнет қолданушылары бұл оқиғаға қатысты түрлі пікір білдірді.

«Масқара», «Шынымен де Бишімбаев па?», «Бұндай адам қалай министр болып жүр?»,—деді олар.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевқа азаматтық некедегі

әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылып отыр. Экс-министр өз кінәсін мойындамады. Енді оның ісін алқабилер қарайды. Басты сот отырысы 27 наурызға жоспарланып отыр.

Бейнежазбада балағат сөздер бар екенін ескертеміз.
<
Комментарии