"Жәнібектің арқасында". Қымбат Досжан тағы 2 қазақ баласының туғанын тапқанын хабарлады

2363
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

«Бармысың, бауырым?» хабары арқылы шетелдіктер асырап алған екі бала өз туғанын тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бағдарламаның өткен сандарында Роза Багусова есімді кейіпкер өз оқиғасын баяндап, ата-анасын іздеп келгенін айтқан еді.

Бір аптадан соң бағдарлама редакциясы Розаның анасы да, әкесі де табылғанын хабарлады.

"Бұған дейін біз Жәнібектің арқасында 4 баланың анасын тапқанымызды айтқан болатынбыз. Бүгін "Бармысың, бауырым" студиясында тағы екі баланың ата-анасын, жақындарын таптық. Эфир арқылы тілдестірдік",

Бұл екі бала - Роза және Нұрлан. Арқалық қалалық балалар үйінен қос қазақ баласын шетелдік отбасы асырап алынған.

Қымбат Досжанның айтуынша, екеуі екі түрлі отбасынан шықса да бір отбасыға түсіп, ағалы-қарындастай өскен.

Розаның анасы да, әкесі де табылған. Студияға бойжеткеннің туысы келген. Ал Нұрланға туған анасымен тілдесетіндей мүмкіндік туған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер