"Тоқаевтың сыйлығы". Желіде Франция президентінің қазақтың ұлттық тазыларымен түскен суреті жарияланды

796
Adyrna.kz Telegram
Фото: soazigdelamoissonniere
Фото: soazigdelamoissonniere

Франция президенті Эммануэль Макронның жеке фотографы Instagram желісінде президент пен тазы тұқымды итпен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Франция басшысына Қазақстан президенті қазақтың ұлттық тазы тұқымды иттерін сыйға тартқан болатын.

Желідегі суретте:

"Елисей сарайы, басты фойе. Күннің соңы. 14.03.2024", - деп жазылған.

Ақ-қара түстес фотосуретте Макрон үш итпен бірге түскен. Олар Жюль мен Жанна есімді екі тазы мен 2017 жылы асырап алған қара лабрадор Немо.

Еске сала кетейік, өткен жылы Франция президенті Астанадағы көрмені аралау барысында тазыларды ұнатып қалған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев француз әріптесіне бес айлық тазы күшіктерін сыйлаған.

Пікірлер