Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

1536
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/serik-tөlenbergenov.jpg
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. ҚР Үкіметінің қаулысымен Серік Төлеуғалиұлы Төленбергенов төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды. Ол 1974 жылы Семей облысында дүниеге келген. Вице-министр Кәсіптік-техникалық училищесін, Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық техникумын, Қазақстан-Америкалық университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Қызмет жолын 1995 жылы жеке ұйымда бухгалтер болып бастаған. 2022-2023 жылдары — коммуналдық кәсіпорын директоры, Семей қаласы мәслихатының депутаты. 2023 жылдың қазан айынан бастап, жаңа қызметіне дейін — Абай облысы әкімдігі Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы болды.
Комментарии