Назарбаев кезіндегі шенеунік жемқорлыққа қарсы қоғамдық ұйымды басқармақ

1042
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандағы бір топ белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бірігіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық желі» деп аталатын жаңа қоғамдық құрылым құрды. Оны экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кезіндегі шенеунік Алик Шпекбаев басқарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оның міндеттеріне мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың жұмысында ашықтық пен ашықтыққа қол жеткізу, бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу, қоғамдық бақылау арқылы бюджеттік бағдарламаларға мониторинг жүргізу кіреді.

Ұйым төрағасы болып бұған Алик Шпекбаев сайланды.

Айта кетейік,бұған дейін Алик Шпекбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы болды. Әр түрлі уақытта Алматы облысы Ішкі істер департаментінің бастығы, Ішкі істер вице-министрі, Президент Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімін басқарды. Қазақстандағы тау шаңғысы федерациясының президенті, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі болды. 

Пікірлер