Шымкентте жас жігітті пойыз қағып, мерт қылды

3702
Adyrna.kz Telegram
Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz

Шымкентте жүк пойызы жас жігітті басып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Оtyrar.kz сайтына сілтеп. 

Оқыс оқиға 8 наурыз күні болған. Қаладағы Жиделібайсын көшесінде жүк пойызы жас жігітті қағып кеткен.

Куәгерлердің сөзінше, 18-20 жас аралығындағы жігітті жүк тиелген пойыз 20-30 метрге жерге сүйреп кетіпті.

Полиция департаменті аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқандығын мәлімдеді.

"Шымкент стансасындағы желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайды", - делінген хабарламада.

БАҚ мәліметінше, жас жігіт қайтыс болды.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер