«Ел беделін түсіруге бағытталған». Қорғаныс министрлігі ресейлік БАҚ ақпаратын жоққа шығарды

2644
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/83eee77f-adec-4c20-a0be-bbae474e6793-960x500.png?token=d482d9dfd99ebba5ff9d5b22d3244128

Қазақстан Украина Қарулы күштерінің қажеттілігі үшін ресейлік әскери өнімдерді сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Укрспецэкспортпен» келіссөздер жүргізіліп жатыр» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. 2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға

тыйым салынған. Мұндай тұспалдаулар еліміздің беделін түсіруге бағытталған»,— делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік БАҚ «Киев Астанамен ресейлік әскери өнімдерді сатып алу мәселесін талқылап жатыр. Қос тарап осы бағыттағы келіссөздерді бастады» деген ақпарат таратқан еді.

Комментарии