2 бала құтқарылды. Жетісуда пәтер өртке оранды

806
Adyrna.kz Telegram

Жетісуда өрт сөндірушілер 2 баланы өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

7 наурыз күні таңғы уақытта Жетісу облысы, Үшарал қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден өртенген.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін 40 азамат, оның ішінде 16 бала өрт шыққан тұрғын үйден өз бетінше шығып үлгерген.

"Қабылданған шаралар барысында баспалдақ маршы арқылы екі азамат құтқарылды. Үш тізелі баспалдақ арқылы екі бала құтқарылып, жедел медициналық көмек қызметкерлеріне тапсырылды", - деп хабарлады Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Пікірлер