Арыс көмек көрсету қорына халық 721 миллион теңге аударды

2206
Adyrna.kz Telegram

Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету қорына 721 миллион теңге аударылды.

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді.  "Арыс қаласының ашық қор есебіне 721 миллион теңге жиналды. Сондай-ақ, киім, азық-түлік, гигиена заттары да жеткізілді", - деді Шөкеев брифингте. Естеріңізге сала кетейік, 24 маусымнан бастап Түркістан облысының "Түркістан" әлеуметтік даму Корпоративтік қоры, Арыс қаласында зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинау мақсатында ұйымдастырылған. Нұрсұлтан Назарбаев, Тұңғыш Президент Кеңсесінің қызметкерлері, Қасым-Жомарт-Тоқаев және Президент Әкімшілігінің қызметкерлері Арыс тұрғындарына қаржылай көмек көрсетті.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер