Ақтауда суицид жасамақ болған бойжеткен іздестіріліп жатыр

1907
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/kөpқabatty-suiczid-960x500.jpg?token=d065bad9706306b3eb0d9a25951bd6bc
Ақтауда көпқабатты үйдің жоғарғы қабатынан секірмек болған қыз бала іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық полиция депаратментінің мамандары мәлімдеді.
Қаладағы 32б шағынауданында әйел адамның суицид жасамақ болғаны анықталған.
"20 жастағы қыз бала көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болды. Осыдан кейін ол үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен. Қазіргі уақытта полиция аталған іс бойынша іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.
Комментарии