Қазақстандық спортшы Бублик ел тарихында жаңа рекорд орнатты

5063
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/aleksandr-bublik.jpg
Қазақстандық спортшы Бублик АТР-дің жаңартылған рейтінгінде 19-шы орынға жайғасты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Әлемнің 23-ші ракеткасы Александр Бублик Дубайда өткен ATP-500 турнирінің финалында жеңілді. Дегенмен спортшы жаңа рекорд орнатты.
Қазақстанның ерлер құрамасының көшбасшысы ақтық ойын барысында әлемнің 18-ші ракеткасы франциялық Уго Умбербен сайысып, екі сетте 4:6, 3:6 есебімен жеңілген. Қос теннисші алаңда 1 сағат 26 минут ойын өткізді.
Бірақ Қазақстан спортшысы финалдағы жеңіліске қарамастан АТР-дің жаңартылған рейтінгінде өзі үшін де, Қазақстан үшін де рекордтық 19-шы орынға көтерілді.
Бубликке дейін  Қазақстан өкілі әлемдік рейтингте алғашқы жиырмалыққа кірген емес.
Комментарии