Шенеуніктер Ақтаудағы Тобанияз Әлниязұлы ескерткішінің тұғырын жөндеу бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлады. Ақау орнындағы қаптама тақтайшалары жаңартылды», - делінген
хабарламада.
Бұған дейін жергілікті тұрғындар нысанның қирағанын хабарлаған болатын. Бұл Тобанияз Әлниязұлының 12-шағын аудандағы саябаққа орнатылған екінші ескерткіші. Жөндеу жұмыстарына қала билігінен 65 миллион теңге жұмсалды.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз