Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті облыстық мәслихаттың депутаты Павел Булаевты ұстады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне сілтеп.
«Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп, қамауға алынды», -
деп растады СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті.
Павел Булаев бір жыл бұрын облыстық мәслихаттың депутаты болған. №13 аумақтық бір мандатты округі бойынша Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясынан сайланды.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз