Бірінші кездесу. Президент жаңа Премьерді қабылдады

1904
Adyrna.kz Telegram

Үкімет басшысы Олжас Бектенов премьер-министр ретінде алғаш рет президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы және экономиканың өсімін қамтамасыз ету жоспары туралы баяндалды.

Олжас Бектенов президентке отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жайында мәлімет берді. Қазақстандық өнімдердің үлесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың, жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерін жетілдіру жұмыстары басталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өнеркәсіптің перспективті салаларын қарқынды түрде дамытуға ерекше назар аударылып жатыр.

Сонымен қатар ел басшысыны заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Айта кетейік, 6 ақпан күні Олжас Бектенов Үкімет басшысы болып тағайындалған еді. Бұған дейін ол Президент әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер