Үш жыл бойы заңсыз жалақы алып келген шенеуніктер ұсталды

788
Adyrna.kz Telegram

Ақмолада мемлекет бюджетін өзіне заңсыз аударғандар анықталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Orda.kz-ке сілтеп.

Ақмола облысы прокуратурасы Целиноград ауданында тексеру жүргізді. Нәтижесінде мемлекет бюджетін негізсіз жұмсағандар анықталды.

Тексеру барысында Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері үш жыл бойы өз еңбекақыларына қосымша қаражат алған. Олар 15 миллион теңгеден астам қаржыны қалталарына басып келгені анықталды.

Қазір аталған іске қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы («Аса ірі көлемдегі ұрлық») 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Пікірлер