Алғашқы балет әртісі Алмас Бекбосынов. Биге арналған бір ғұмыр

1639
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Бүгін, 24 ақпан ерлер арасындағы алғашқы кәсіби балет бишісі Алмас Бекбосыновтың туғанына 100 жыл толып отыр.

Алмас Бекбосынов Иван Надировтың «Көктем» ұлттық балетінде Айдар рөлін сомдады. Әртіс өнер жолын қөркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған.

1939 жылы Қазақ филармониясында биші, 1940-1959 жылдары Қазақ академиясының опера және балет театрының бишісі болған.

Талантты әртіс «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Абай», «Біржан мен Сара» операларында да би нөмірлерін орындады. 1959 жылы өнерпаз балет ұжымымен бірге АҚШ-қа гастрольдік сапармен барды.

Алмас Бекбосынов еліміздегі балет өнерінің дамуына орасан зор үлес қосты. Сол үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

Оның еңбек жолы мен жетістіктері жас әртістерді шығармашылық өсуге әлі де шабыттандырып келеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер