Астана әуежайы намазханаға қатысты хабарландыру жасады

1004
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

2024 жылдың 24 ақпанында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жолаушыларға "әуежайдағы намазханаларға" қатысты хабарландыру жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл мәлімдеме туралы елордалық әуе айлағының Telegram-арнасында жазба жарияланды.

"Ішкі жөнелту терминалындағы намаз оқитын бөлмені қайта жөндеу жұмыстарының аяқталғанын қуана хабарлаймыз. Намазға арналған ерлер мен әйелдер бөлмелері келушілер залының бірінші қабатында орналасқан, бұл жолаушылар мен келушілерге ыңғайлылық пен жайлылықты қамтамасыз етеді", -  делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, Астана халықаралық әуежайының екінші қабатындағы стерильді Т2 алаңында тағы бір намазхана бар екендігі айтылды.

"Жолаушылар жолға шығар алдында Ислам негіздерінің бірі - намазды оқи алады. Біз барлық жолаушыларымыз үшін ыңғайлы дұға ету ортасын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімізді жұмсадық. Бұл өзгерістер сапарыңызды жеңіл әрі жайлы етуге көмектеседі деп үміттенеміз. Сізге сәттілік тілейміз, сәт сапар!», - деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер