Байден Навальныйдың әйелімен кездесті

1087
Adyrna.kz Telegram
Сурет: CNN
Сурет: CNN

АҚШ президенті Джо Байден
оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Навальная және қызы Дарья Навальнаямен жүздесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Кездесу 22 ақпанда Сан-Францискода өтті.

«Навальныйдың әйелі және қызымен кездесу құрметіне ие болдым. Саясаткер адам таңғаларлықтай батыр болған. Жүздесуден кейін оппозиционердің күрес жолын әйелі жалғастыратынына көзімді жеткіздім»,— деді Байден.

Сонымен қатар АҚШ президенті Ресей Федерациясына қарсы жаңа санкциялар пакеті дайындалып жатқанын атап өтті. Шектеу шаралары Алексей Навальныйдың өліміне, Ресейдегі диссиденттерді қудалауға, сондай-ақ елдің Украинаға қарсы агрессивті әрекеттеріне жауап ретінде енгізіледі деп болжануда.

Пікірлер