Путин Шаймиевке ұшақ атын беруді ұсынды. Шаймиев - оның сенімді өкілі

947
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин жаңа стратегиялық Ту-160М зымыран тасығышына Татарстанның бірінші президенті Минтимер Шаймиевтің есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Путин 21 ақпанда Қазан авиациялық зауытын аралау кезінде айтты.

«Ол тек Татарстан үшін ғана емес, бүкіл ел үшін, бүкіл Ресей үшін көп еңбек сіңірген адам», - деді Путин Шаймиев туралы.

Татарстанның бірінші президенті, қазір республиканың мемлекеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиев Ресейде президенттік сайлау тұсында Владимир Путиннің сенімді адамы болады.

«Олар маған Ресейдің сенім білдірген өкілі ретінде әрекет етуімді ұсынды. Олар менің өз елім Татарстанның мүддесі үшін жұмыс істейтініме келісті», - деді Шаймиев.

Пікірлер