Азаматтардың жеке деректерінің тарап кетуіне қатысты БЖЗҚ жауап берді

855
Adyrna.kz Telegram

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қазақстандықтардың жеке деректерін қор базасынан тарап кетуі туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"БЖЗҚ" АҚ желісінің базасынан қазақстандықтардың дербес деректері туралы ақпараттың таралуына байланысты GitHub сайтындағы құжаттарда белгісіз тұлғалар орналастырғаны шындыққа сәйкес келмейді деген ресми мәлімдеме жасалды”, - деп мәлімдеді қордан.

БЖЗҚ қауіпсіздік қызметі GitHub сайтында жарияланған мәліметтерге егжей-тегжейлі талдау жүргізгені туралы хабарлады.

«Нәтижесінде жарияланған каталогта enpf.kz сайтының сипаттамасы ғана бар екені анықталды. Сонымен қатар сайт ашық ақпарат көзі болып табылады және салымшылар мен алушылардың жеке деректерін қамтымайды», - деп қосты БЖЗҚ.

Қор ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында БЖЗҚ киберқауіптерге қарсы тұрудың деңгейлі жүйесін белсенді түрде қолданып жатқанына сендірді. Бұл жүйе қордың  ІТ-инфрақұрылымының сыртқы және ішкі периметрін белсенді түрде қорғау әдістерін қамтиды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та қазақстандықтарға қатысты жеке деректердің желіге тарап кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Кейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе келіп түскен материалдарды талдап жатқанын хабарлады.

Пікірлер