Екі қазақстандық қыз Таиландтағы құлдықтан босатылды

1132
Adyrna.kz Telegram

Таиландта екі қазақстандық қыз құлдықтан құтқарылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Астанада өткен брифингте ол істің мән-жайын  баяндады. Анықталғандай, қыздар жасырын байланыс орталығындағы бос жұмыс орнына алданып қалған. Олар бірнеше тіл білетіндіктен жұмысқа алмақ болған-мыс. Бірақ барғанда қыздарды құлдыққа салған. 10 мың доллардай қаражат талап еткен.

«Осы жылы қаңтардың соңында Таиландтағы консулдықтың WhatsApp нөміріне хабарлама келді. Онда "Мен Қазақстан азаматымын. Қай мемлекет екенін білмеймін, джунглидің ішінде құлдыққа түсіп қалдым, көмектесіңіздер" деп жазылған. Дереу анықтай бастадық. Сөйтсек біздің екі азакматшамыз құлдыққа түсіп қалған. Ең қызығы екеуінің де жоғары білімі бар, бірнеше тіл біледі. Интернеттен хабарламаны көріп, алданып қалған. Әр адам басына 10 мың доллардан ақша сұраған. Жергілікті билікпен жұмыс істеп, бір айда екі азаматша құтқарылды. Қазіргі таңда олар елге келе жатыр", - дейді СІМ өкілі Айбек Смадияров.

Айтуынша, қыздарды құлдықта ұстағандарға бірде-бір теңге берілмей құтқарылған.

 

 

Пікірлер