Сарыағашта "дүмше" молда 19 баланы сүре жаттамағаны үшін ұрып-соққан

1551
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында діни білім алмақ болған 19 бала 39 жастағы молданың тепкісіне үш ай бойы төзіп келген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы белсенді Жан Ахмадиев желідегі жазбасында жазды. 

Жазбаға сүйенсек, ата-аналар осы үшін молдаға 20 мың теңге қаражат төлеп келген.

"Сарыағаш қаласының 39 жасар тұрғыны 19 балаға діни ағымда сабақтар өткізген. Ол оқу барысында, сүре жаттамаған жасөспірімдерді аямай соққыға жығыпты. Бір қызығы, осындай сабақ үшін оқушылардың ата-аналары “жауыз-ұстазға” 20 000 теңге берген екен" деп жазды "Жан Ахмадиев.

Видеода балалар үш ай бойы таяқ жегендерін айтып, денелеріндегі жарақаттарын көрсетеді. Бұл қылығына молда:

"Ашуланған кезде соққылар кетіп қалатын. Шыбықпен ұратынмын" деп жауап берді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ЖАН АХМАДИЕВ (@zhan_ahmadiev)

 

Пікірлер