Мәскеу ғарышқа ядролық қаруды орналастыруға үзілді-кесілді қарсы - Путин

887
Adyrna.kz Telegram

Крынки Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінің (ҚК) толық бақылауында. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесуінде айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Михаил Юрьевич (Теплинский, генерал-полковник, Әуе-десанттық күштердің қолбасшысы) бұл елді мекен толығымен біздің бақылауымызда екенін, онда қажетті қорғаныс салынғанын хабарлады», - деді Путин.

Крынки Алешки мен Новая Каховка аралығында Днепрге құятын Крынка өзенінің жағасында орналасқан және негізгі өзен арнасынан аралдар арқылы бөлінген. Днепрдің оң жағалауының бұл бөлігі Ресей Қарулы Күштерінің бақылауында, бірақ Украина әскері бұл аймаққа әскерін жібермек.

Путин Қорғаныс министрімен кездесуінде ядролық қаруды ғарышқа орналастыру тақырыбына да тоқталды.

Путин Мәскеудің ғарышқа ядролық қаруды орналастыруға үзілді-кесілді қарсы екенін айтып, басқа елдерді қолданыстағы келісімдерді сақтауға шақырды.

«Бұл сұрақ Батыста, соның ішінде Америка Құрама Штаттарында ғарышқа ядролық қаруды орналастыруға байланысты соңғы уақытта көтеріліп жатқан шуға қатысты. Біздің ұстанымымыз анық және айқын: біз әрқашан ғарышта ядролық қаруды орналастыруға үзілді-кесілді қарсы болдық, қазір де қарсымыз», - деп атап өтті Ресей президенті.

Бұған дейін Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресейдің ғарышта ядролық қаруды орналастырмағанын және орналастыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген.

Пікірлер