Талибан 18-19 ақпанда Дохада өтіп жатқан БҰҰ-ның Ауғанстан жөніндегі конференциясына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ауғандық тәуелсіз Hasht e Subh Daily интернет газетіне сілтеп.
Талибан Катар кездесуіне қатысу үшін екі шарт қойды:
- олардың делегациясы форумдағы жалғыз ауған өкілі болуы керек;
- БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қозғалыспен тікелей келіссөздерге кірісуі керек.