Мектеп қабырғасында намаз оқыған оқушылардың видеосы тараған еді. Оқу-ағарту министрлігі оқиғаға байланысты тексеріс бастады, деп хабарлайды "Адырна" порталы.
Әлеуметтік желіде тарап жатқан жазбадан бір топ баланың сәждеге жығылып жатқанын байқауға болады. Олардың арт жағында мектеп партасы көрінеді. Спорттық киім киген бозбалалар қай мектептің шәкірттері екені әзірге белгісіз. Оқиғаның қай өңірде болғаны да беймәлім. Жалпы заң бойынша оқу орындарында діни құлшылық жасауға тыйым салынған. Ведомство өкілдері сабақ барысында құлшылық жасауға рұқсат берген білім ошағын анықтап, шара қолданбақ. БұлНовости по теме