Айыппұл салды. Нью-Йорк соты Трампты алаяқтық үшін кінәлі деп тапты

779
Adyrna.kz Telegram

Нью-Йорк соты АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты Трамп ұйымының активтерін бағалау кезіндегі алаяқтық туралы азаматтық іс бойынша айыпты деп таныды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Бас прокурордың айтуынша, экс-президент банктерден ыңғайлы шартпен несие алу үшін 10 жыл бойы өзінің материалдық байлығының көлемін көбейтіп көрсеткен.
Енді саясаткер 355 миллион доллар төлеуі керек.

Сонымен қатар, Трампқа Нью-Йоркте тіркелген кез келген корпорацияда басшылық қызметтерді атқаруға үш жыл уақытқа дейін тыйым салынды.

Сондай-ақ оның ұлдары Дональд пен Эриктің әрқайсысына 4 миллион доллар төлеуге міндеттелді. Олар Трамп ұйымын 2017 жылы басқарған.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер