Қазақ киносының Шәкені

1838
Adyrna.kz Telegram

Бүгін қазақтың театр және кино актеры, қазақ кино өнерінің негізін салушылардың бірі, қазақтың тұңғыш кинорежиссері Шәкен Аймановтың туғанына - 110 жыл.

Шәкен Айманов 1914 жылдың 15 ақпанында қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Өнер жолын актер болудан бастаған. Осы күнде қазақтың төл кинотарихы театр және кино актеры, кинорежиссер Шәкен Аймановтың есімінсіз жазылмайды. Оның алғашқы туындысы Мүсіреповтың «Қозы Көпеш-Баян сұлу» пьесасының негізінде түсірілген, 1954 жылы жарық көрген «Дала қызы» атты фильмі болды. Одан кейін де режиссер қазақ кино қоржынын тамаша туындыларымен толтырды.

Шәкен Аймановтың фильмдері:

1954 «Дала қызы» (К. Гаккелмен бірге)

1954 «Махаббат туралы аңыз» (К. Гаккелмен бірге)

1956 «Біз осында тұрамыз» (М. Володарскиймен бірге)

1957 «Біздің сүйікті дәрігер»

1961 «Бір ауданда»

1961 «Ән шақырады»

1962 «Жол торабы»

1964 «Алдар көсе»

1966 «Атамекен»

1968 «Тақиялы періште»

1970 «Атаманның ақыры»

Пікірлер