"Құқығын қорғай алмайды". Депутат еңбек қатынастарындағы мәселені айтты

1025
Adyrna.kz Telegram

Асхат Аймағамбетов депутаттардың еңбек қатынастары туралы жаңа заң жобасына қандай ұсыныс енгізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қазақпаратқа сілтеп.

Депутат еңбек қауіпсіздігі бойынша еңбек инспекцияларының құзіреті жеткіліксіздігін жасырмады.

"Мұны өткен жылы Қарағандыдағы шахта апаты да растады. Апатқа дейін шахтаны қаншама еңбек инспекциясы тексерген, бірақ еш нәтиже болмаған. Сол себепті, біріншіден, еңбек инспекцияларын министрлікке тікелей бағындыру қажет деп ойлаймыз және оларға нақты құзірет беру керек", - деді Аймағамбетов.

Мәжіліс депутаты еңбек инспекциялары өте үлкен проблемаларды анықтаса да еш шара қолданбайтынын айтты.

"Тағы бір маңызды мәселе – медициналық-әлеуметтік мекемелердегі қауіпсіздік. Тағы да Қарағандыда былтыр балалар қайтыс болғанын білеміз. Мұнда да бірнеше жаңа тетіктерді қарастырдық. Соның ішінде болашақта медициналық-әлеуметтік мекемелерді лицензиялау арқылы ашу және олардың басшыларын бір орында 10-15 жыл отырғызбай, жиі ротациялау маңызды деп санаймыз. Медициналық-әлеуметтік мекеме, балабақша, балалар үйі секілді ұйымдарды аяқ астынан тексеру құқығын беру қажет деп санаймыз. Қазір тексеру туралы ақпарат бір жыл бұрын жіберіледі, әрине олар дайындалып отырады. Бірақ жабық ұйым болғасын балалар немесе мүгедектігі бар жандар өз құқығын толық қорғай алмайды. Мемлекет бұл жерде бақылауын жіберіп алмау керек. Сондықтан осы түзетуді енгізіп отырмыз", - деп түсіндірді Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов.

Пікірлер