Арыс. Жедел ақпарат

2387
Adyrna.kz Telegram

ҚР Қорғаныс министрлігінің 44859 ӘЧ Арыс қ. «Казарсенал» оқ-дәрілерін кәдеге жарату қоймасының жануы бойынша
(24.06.2019 ж. сағат 15.00-дегі жағдай бойынша)

2019 жылғы 24 Маусымда 09 сағат 20 минут кеткенде Түркістан облысының Өрт байланыс орталық пунктіне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 44859 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Аталмыш орынға Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары жіберіліп, жоғары шақыру нөмірі бойынша жеке құрамнан 75 адам және 16 бірлік техника жеткізілді.
Арыс қаласының ең бірінші келген өрт сөндіру бөлімшелерінің ақпараты бойынша (ТЖ орнынан 3-4 км қашықтық) оқ-дәрілері бар қойманың ашық жануы орын алды.
Өрт орнында болған жарылысқа байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қызметкерлерінің нұсқауы бойынша өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері аумақты қоршауға алып, оқ-дәрілердің сынықтарынан жанудың жекелеген ошақтарын сөндіру үшін қауіпсіз қашықтыққа бөлінген
Арыс қаласы әкімінің өкімімен сағат 09.50-ден бастап Мұңтайтас ауылдық округіне (Арыс қаласынан 50 шақырым) тұрғындарды көшіру басталды, ол үшін 30 автобус тартылды. Шымкент қаласынан тұрғындарды көшіру үшін қосымша тағы 36 автобус жіберілді.
Арыс қаласы әкімінің 24.06.2019 жылғы № 1-41 өкімімен жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Халықты хабардар ету үшін 2 дабыл жүйесі іске қосылды.
Комитеттің дағдарыс жағдайларында басқару орталығы базасында
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Қарасқанда арнайы штаб қойғызды.
Барлығы ІІМ мен ЖАО күштері мен құралдары 504 адам мен 124 бірлік техника жұмылдырылды.
3 өрт сөндіру поезы дайындыққа келтіріліп, Бодам, Қарақоңыр және Арыс (29 адам) станцияларында орналастырылды.
Арыс қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінен (Шымкент қ.) 501 адам және 34 бірлік техника (шамамен 15.30 келу уақыты) жіберілді. (24.06.2019 ж. сағат).
Республика бойынша жедел желі телефонына халықтан 427 қоңырау келіп түсті, оның ішінде ТЖК штабының жедел желі телефонына 24 қоңырау шалынып, олар дер кезінде Шымкент қаласы ТЖД штабына тапсырылды.

Шымкент қаласына 115 адам (№87 және 55 мектептерде) жеткізіліп және қауіпсіз жерлергеорналастырылды. Қазіргі сәтте автобустарда Шымкент қаласына 400 адам бара жатыр.
Анықтама: Шымкент қаласына көшірілетін тұрғындарды қабылдау үшін 15 эвакуациялық пункт дайындалды.
Сондай-ақ Шымкент қаласына кіре берісте Арыс қаласынан көшірілген тұрғындарды қабылдау және есепке алу бекеті ұйымдастырылды.

Сағат 14.30 жағдай бойынша Мұнтайтас елді мекенінде 904 адам тіркелген, сондай-ақ, көшірілген халықты есепке алу жалғасуда (халықты есепке алу үшін 3 жедел топ құрылып, жіберілді).
Эвакуацияланған халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін ауыз су (1 су тасушы) жеткізілді.

Шымкент қаласының ауруханасына көмек сұрап 21 адам жүгінді (1 адам сынық жарақатымен ТАӘ нақтылануда), оның ішінде 6 бала (1 және 2 аурухана, балалар ауруханасы).
ТЖ нәтижесінде 12 пойыз тоқтап қалды, оның ішінде 5 жолаушы және 7 жүк пойызы.
Азаматтық қорғаудың іске қосылған күштерінің іс-қимылдарын үйлестіру үшін
оқиға орнына ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы генерал-майор В. Р. Беккер, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары-штаб бастығы генерал-майор А. Д. Қаскеленов және ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары полковник Қ. Қ. Нұрмағамбетов шықты.

Пікірлер