Мал іздеп адасқан. Аягөзде жоғалған 8 жасар бала табылды

2097
Adyrna.kz Telegram
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Абай облысында полиция мен құтқарушылар атқа мініп, мал іздеп кеткен 8 жасар баланы іздеп тапты.  Бұл туралы polisia.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық  порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, 11 ақпанда Аягөз ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындар 2015 жылы туған ұлы Мерей Иманғалиды іздеуге көмек сұраған.

Бала таңертең атпен үйден шығып кеткеннен қайтып оралмаған.

Туыстарының айтуынша, сағат 10.00 шамасында 8 жасар бала мал іздеп атқа мінген.

Кешке келмеген соң алаңдаған ата-анасы өз бетінше іздеп таппаған соң полицияға жүгінеді.

Баланы іздеу үшін полицейлерден бөлек еріктілер, жұртшылық және ауданның қамқор тұрғындары белсенді қатысты.

Қолайсыз ауа райына қарамағй ТЖМ іздестіру-құтқару жұмысына барлығы 74 адам, екі дрон, 17 техника, 20 жылқы жұмылдырылған. Сондай-ақ, ТЖД қосымша күштері жіберілді.

Мамандардың жұмылдыруының арқасында бала Аягөз қаласының шет жағынан табылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер