"Ішкі дауыс айтты". Таразда тоғызыншы сынып оқушысы құрбысын пышақтаған

983
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Тоғызыншы сыныпта оқитын оқушы өз құрбысының тамағын кесіп жіберген, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Информбюро жаңалықтарына сілтеп.

Тараз қаласындағы №35 мектепте болған сұмдық оқиға үлкен дүрбелең тудырды.

Оқушы қыз өз сыныптасын серуендеуге шақырған. Сол сәтте ол өзінің құрбанына пышақ ала жүгіріп, тамағын осып үлгерген.

Қылмыс жасаған қыз тергеу барысында бұл іске өзі емес, ішіндегі дауыс итермелегенін айтты. Оның ұялы телефонынан да өлім-жітім, қанды оқиға жайында киноларды тапқан.

Күдіктінің анасы қызының бұл жағдайын білетін болып шықты. Тіпті жасөспірім өзін өлтіруге де бірнеше рет оқталған екен. Алайда қызының болашағына алаңдаған анасы оны психикалық ауруханаға апармай, мінезін басуға тырысқан.

“Қызым сол пышақты қалай ұстағанын білмей отыр. Ол үйге келгенде қан болып келді. Тіпті өзінің қолын кесіп тастаған. Жылап тұрып: “Мама, мен жасаған жоқпын. Маған ішкі дауыс  жаса деп айтты” дейді. , – деді қыздың анасы Назгүл Дінбаева.

Ал мектеп әкімшілігі бұл жағдайға алаңдаулы екенін айтты.

“Пышақты бір апта бұрын дүкеннен алған. Сыныптасын да “Сөйлесейік, серуендеп жүріп қайтайық” деп шақырып алады. Кейіннен оқушылар 6-шағын ауданның 29-үйінің артқы жағында күн бататын кезде пышақ сермеп алған. жасап отыр. Қыздың телефонынан“Крик" сынды қорқынышты кинолар табылған. Оқушы қыз “Ішкі дауысым осылай істеп деп айтты” деп отыр”, – деді №35 орта мектебі құқықтық тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Ғабит Кадеров.

Сынып жетекшісінің айтуынша пышақтың жүзі күре тамырға жетпей, адам өмірін сақтап қалған. Қазір зардап шеккен қыздың жағдайы жақсы екен.

Құзырлы орган жағдайға қатысты іс қозғап, тергеуді бастады.

Ал оқушының ахуалын біле тұра, оны бүркемелеген мектеп басшысы мен психолог өз еркімен қызметтен шеттетілді.

Пікірлер