Қазақстанда медициналық маска режимі қайта енгізілді

1509
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда медициналық маска тағу режимі қайта енгізілді. Бұл шешім бас санитарлық дәрігердің ресми қаулысына сәйкес қабылданды. Бұл туралы infohub.kz сайты жазды.

Медициналық маска тағу режимі, денсаулық сақтау мекемелерінде, халықтың көп шоғырланған орындарында және қоғамдық көліктерде бетперде киюді міндеттейді. Бұл талап, COVID-19, тұмау, қызылша және басқа да ауа арқылы таралатын вирустық инфекциялардың кең таралуын болдырмау мақсатында енгізілген.

Бетперде кию тәртібін енгізу және бақылау жұмыстары, әр облыстың, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларына және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің басшыларына жүктелді. Бұл шаралардың барлығы халық денсаулығын қорғау және инфекциялардың таралу қаупін азайту мақсатында қабылдануда.

Бұл өзгерістер, жалпы қоғамдық денсаулықты қорғау және вирустық инфекциялардың алдын алу стратегиясының маңызды бөлігі ретінде, халық арасында кеңінен түсіндірілуі және қолдау табуы тиіс.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер