Алматы облысында мектеп есепшісі 90 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

2131
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы мектептердің бірінде есепшінің жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сүйенсек, құқықбұзушылық фактісі мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлері мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған.

Алдын ала келтірілген шығын 90 миллион теңгеден асады және шығынды есептеу жалғасуда.

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189 бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу басқармасына жолданды.

Осыған ұқсас факт Еңбекшіқазақ ауданында да анықталып, тергеу қорытындысы бойынша мектеп есепшісі тергеу сатысында 10 миллион теңгеден астам шығынды өтеген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер