Асқар Жәкенов Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Премьер-министрдің қаулысымен Асқар Серікжанұлы Жәкенов Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Асқар Жәкенов 1975 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және «Қайнар» университетін тәмамдаған.