Ақпарат көздерінде шартты түрде бостандыққа шыққан кәсіпкер Қайрат Боранбаев Парижде өтетін Кәсіпкер УЕФА-ның 48-ші конгресіне қатысатыны туралы ақпарат тараған болатын. Бұл мәліметке «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі түсіндіргендей, олигарх пробациялық бақылау шарттарын бұзбайды.
«Қайрат Боранбаев Алматыда. Шақыру болды, бірақ ол салтанатты рәсімге онлайн түрде қатысады. Ол ешқайда кетпейді», - деп атап өтті клубтың баспасөз қызметі.
Бұған дейін ФК Боранбаевтың Парижде өтетін УЕФА-ның 48-ші конгресіне қатысатынын хабарлаған болатын. KUIS порталға оның шынымен Алматыда екенін растап, оның шетелге шығуына тыйым салынғанын айтты.
«Қазіргі уақытта сотталған Боранбаев Қ.С. Алматы қаласында тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылауда. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғанға жазасын толық өтегенге дейін елден шығуға тыйым салынады», - деп атап өтті Қылмыстық атқару жүйесі комитетіндегілер.
Еске сала кетейік, Қайрат Боранбаев өткен жылдың қараша айында бостандыққа шыққан болатын. Олигархтың нақты үкімі бас бостандығын шектеумен ауыстырылды: ол үнемі тіркелген жерінде болып, пробация қызметіне есеп беруі керек.