ТҰРАРБЕК ҚҰСАЙЫНОВ: Қазақ жастары прогрессивті елдерге үдере көшуі керек!

3474
Adyrna.kz Telegram

Менің субъективті пікірім – Қазақстандағы жұмыссыз жүрген қазақ жастарының бәрі жалындаған жастық шағын кедейлікте һәм жоқшылықта өткізбеуі тиіс.

Сол үшін тез арада Европа, Оңтүстік Корея,Жапония, Канада немесе АҚШ сияқты прогрессивті елдерге тез сіңісіп, үдере көшулері керек!

Атап айтқанда қазақтар Европа, АҚШ пен дамыған шығыс Азия мемлекеттерінде орнығып, үлкен диаспора қалыптастыруы қажет...

Сосын болашақта билік басына Михаил Саакашвили секілді демократ тұлғалар келген кезде білім және тәжірибемен қаруланған қазақтар елге  қайтып оралуларына болады.

Өз ойым – біз тек осындай эмиграция  арқылы ғана  еліміздегі орын алған "русский мир" , исламизм немесе "бір жол-бір белдеу" деген Қытайдың коммунистік идеологиялық жобасынан аман қаламыз...

Әйтпесе,  Ресей,Қытай немесе әлемдік исламизмге арқа сүйеген реакционды идеялар мен солардың идеологтары қазақтарды толықтай басыбайлы құлға айналдырады.

Оның жарқын мысалы – ата-бабамызды  300 жыл билеген орыс басқыншылары мен бізді қынадай қырған қызыл коммунистер...

Мүмкін мен қателесермін, бұл менің тек субъективті пікірім ғана...

 

Turar Kussain

 

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Дейтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер