Белгісіз бетперде...

3538
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы халық наразылығы кезінде бізді ойландырған дүние мынау болды.
Алаңдағы белгісіз спецназдардың жүргені және оларда ешқандай белгі болмағаны.
Айтушылар олардың ерекше тәртіпті екенін,шұғыл қимылға дайындығын оған қоса...ҚАЗАҚША СӨЙЛЕМЕЙТІНІН АЙТАДЫ!


Әрине біздің ел-көрші қоңсы Кремльдің құшағынан анық ада босап шықпағаны мәлім!
Тура осындай 1986 жылы да Мәскеуден келген "арнайы жасақ" қазақтың қыз-ұлын қырып тастаған!
Біз тіпті кешегі Қырымдағы "жасыл киімді сыпайы жандар" туралы да ойды да қаперімізден шығарған жоқпыз...
Аты өшсе де, аруағы аман Кеңес кезінен қалған "қариялар" бір-бірін қорғауға ұмтылары анық.
Ортақ жүйеге жұмыс жасар, білек сыбанып шығар "Вагнер жобасы" тектес талмау тұсымызды білер-сақадай сай сауытты топтың даяр екеніне де күмәніміз жоқ!
Бірақ бұл біздің азаматтық-ұлттық қаупіміз.
Қазақстанды бағып отырған Ресей пиғылы жайлы осы наразылық кезіндегі ісін  "Каспаров.ру", Еженедельная газетадағы" ақпаратын әлі саралап саламыз...
ЕГЕР БІЗДІҢ ҚАЛАЛАРЫМЫЗДА ЖАТ ЖАСАҒЫ ЖҮРСЕ, БҰЛ БІЗДІ ТӘУЕЛСІЗДІКТЕН АЙЫРАР-ЖОЛ!
Рим империясына жалдамалы әскер болып барған өзге жұрт,"жабайылар" соңында императорларға айналды!
Рицимер мен Авит арасындағы оқиға-соның айғағы!
Император Авитті епископ жасап "құдайға мінәжат етуді" бұйырды кешегі варварлар...
Мәмлүктер-"мемлекет мүліктері" болатын!
Бұның аяғы жоспардан тыс оқиғалар өрбуіне әкелді!
Далалық мәнжүрлер де осылай билікке келді өзінен көп Қытайда.
НАРАЗЫЛЫҚ КЕЗІНДЕ ОҚА БЕЛГІСІ ЖОҚ ЖАСАҚТАР ҚАЙДАН ЖҮР?
САҚШЫЛАР НЕГЕ ОСЫЛАРДЫ ҰСТАМАЙДЫ?
КІМДЕР БҰЛАР?
Сұрақ көп?
Жауапты кім бере алады?
СОНЫМЕН КӨШЕГЕ ШЫҚҚАНДАРДЫ ҰСТАП ЖҮРГЕН-БЕТПЕРДЕЛІЛЕР КІМ?
ҚАС ПА?
ДОС ПА ҚАЗАҚҚА...
Кім оларды басқарып тұр...

Серік Елікбай

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер