Путин Ресейдің президент сайлауына үміткер ретінде тіркелді

1022
Adyrna.kz Telegram
Фото: Гавриил Григоров/РИА Новости
Фото: Гавриил Григоров/РИА Новости

Владимир Путин Ресейдің Орталық сайлау комиссиясына президент сайлауына үміткер ретінде тіркелді. Бұл туралы Interfax басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, орталық сайлау комиссиясының тиісті қаулысы бүгін комиссия отырысында қабылданды.

Путин алдағы Ресей президенттігіне сайлауға тіркелген төртінші кандидат.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы ЛДПР партиясының жетекшісі Леонид Слуцкийді, Мемлекеттік Дума вице-спикері және "Жаңа халық" партиясының мүшесі Владислав Даванковты, сондай-ақ Мемлекеттік Думаның депутаты (РФ Коммунистік партиясының фракциясы) Николай Харитоновты үміткер ретінде тіркеген болатын.

Пікірлер